Жарғы ҚРБҚ

Назад

 

1-бап ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
1.1. «Қазақстан Риэлторларының Біріккен Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі - Қауымдастық ) өзінің қызметін осы Жарғыға, Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексіне», “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Қауымдастық мүшелерінің кәсіптік қызметін үйлестіру, мүшелердің жалпы мүліктік және де басқа мүдделерін қорғау, оның мүшелерінің жарғылық қызметті жүзеге асыруына ықпал ету мақсатында әрекет етеді.
1.2. Қауымдастық “Қауымдастық” ұйымдық-құқықтық тұрғыдағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.3. Қауымдастық қоғамдық игіліктерге қол жеткізу үшін оның  мүшелері әлеуметтік, білім беру, ғылыми, ақпараттық, басқарушылық істерге қатысу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, жылжымайтын мүлік нарығындағы операциялармен байланысты даулар мен шиеленістерді шешу, заңдық көмектер көрсету бағытында  әрекет ететін және Қазақстандағы риэлторлық қозғалысты нығайту мақсатындағы жылжымайтын мүлік нарағының қазақстандық кәсіби қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.
1.4. Қауымдастық Қауымдастық мүшелерінің кәсіби қызметін басқарудың үйлестіруші органы болып табылады.
1.5. Қауымдастық мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және басқа да ұйымдарда, билік пен басқару органдарында, сот органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді және қорғайды.
1.6. Қауымдастық жылжымайтын мүліктердің тікелей коммерциялық операцияларымен айналыспайды, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды өзінің алдына міндет етіп қоймайды және алынған табысты оның мүшелерінің арасында бөлмейді. Қауымдастық қызметінің нәтижесінде алынған барлық табыстар оның жарғылық міндеттерін шешу үшін пайдаланылады.
1.7. Қауымдастықтың қызмет мерзімі шексіз болып табылады.
1.8. Қауымдастықтың толық атауы:
üорыс тілінде: Объединение Юридических Лиц «Объединенная Ассоциация Риэлторов Казахстана»;
üмемлекеттік тілде: «Қазақстан Риэлторларының Бiрiккен Қауымдастығы» Занды Тұлғалар Бiрлестiгi;
üанғлыш тілінде: Unated Assosation of Realtors of Kazakhstan;
üҚауымдастықтың қысқартылған атауы:
üорыс тілінде: ОЮЛ «ОАРК»;
üмемлекеттік тілде:  «ҚРБҚ » ЗТБ;
üанғлыш тілінде: «UARK»
1.9. Қауымдастықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы,  Қармысов көшесі, 82/2.
 
2-бап ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢҚҰҚЫҚТЫҚМӘРТЕБЕСІ
 
2.1. Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап заңды тұлға құқығын алады.
2.2. Қауымдастық заңды тұлға болып табылады, меншігінде оқшауланған мүлікке иелік етеді, дербес балансы, банкте есеп айырысу шоты, мөрі, бланкілері, фирмалық белгісі бар.
2.3. Қауымдастық өзінің атынан мәмілелер жасауға және шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттерді мойнына алуға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4. Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүліктердің шектерінде жауаптылықта болады.
Қауымдастықтың мемлекеттік міндеттемелері бойынша жауап бермейтіні секілді, мемлекет те Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастықтың мүшелерi өз міндеттемелері бойынша келесi мөлшерде және төмендегідей тәртіппен қаражаттандыру бойынша жауапты болады: Қауымдастықтың мүшелерiніңқаражаттандыру жауаптылығы қауымдастықтың  несие берушілер алдындағы қарыздарын өтеуге жетiспегенде әр мүшенiң жауаптылығы шектеулінде болады.
2.5. Қауымдастық өзінің қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. Қауымдастықтың халықаралық қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қауымдастық ұлттық, халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға кіре алады,  халықаралық қатынастар мен байланыстарды тікелей орната алады, осы үшін қажетті келісімдерді жасаса алады және жарғылық мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыра алады.
2.6. Қауымдастықтың барлық мүшелері өздерінің дербестігін және заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің құқықтарын сақтап қалады.
2.7. Қауымдастық өзінің қызметін еріктілік, қатысушылардың тең құқықтылығы және өзін-өзі басқару, заңдылық, есептілік және қызметтің жариялылығы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
2.8. Басқару органдарының шешімдері бойынша Қауымдастық оқу орындарын, ғылыми ұйымдарды, өкілдіктерді, филиалдарды және бөлімдерді құра алады, қызметтері Қауымдастықтың жарғылық міндеттерін және мақсаттық бағдарламаларын іске асыруға бағытталған басқа ұйымдарды құра алады.
 
3-бап ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢМАҚСАТЫ
 
3.1. Қауымдастықтың негізгі мақсаты заңнамалық және нормативтік базаны дамыту және оның қатысушылары үшін кәсіби стандарттар жүйесін жасау негізінде жылжымайтын мүліктің өркениетті нарығының дамуына ықпал ету, Қауымдастық мүшелерінің жалпы мүліктік мүдделерін қорғау және материалдық емес қажеттіліктерінқанағаттандыру үшін меншікті инфрақұрылымды пайдалану, олардың кәсіби, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудағы мүмкіндіктерін кеңейту, риэлтордың мәртебесін жоғарылату болып табылады.
 
 
4-бап ҚАУЫМДАСТЫҚҚЫЗМЕТІНІҢМӘНІ
 
4.1. Өз мүшелерінің мүдделерін және сұраныстарын қанағаттандыру үшін Қауымдастық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
4.1.1. Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының ағымдағы жағдайын, үрдістерін және даму мәселелерін зерделеу. Өз мүшелері, барлық мүдделі тұлғалар менжұртшылық үшін ақпараттық, талдамалар жасау, қоғам өмірінің осы саласында белгілі бір сәтте қалыптасқан жағдайды  зерттеу, сараптамалық материалдар дайындау.
4.1.2. Қазақстан Республикасында және оның субъектілерінде жылжымайтын мүлік нарығы үшін заңнамалық және нормативтік базаны қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ муниципалдық деңгейде жылжымайтын мүлікті басқарудың нарықтық механизмдерін дамыту. Заң жобаларын, нормативтік актілерді сараптауға қатысу, баламалы заң жобаларын және қолданыстағы заңнамаларға толықтырулар мен қосымшалар енгізу үшін Парламент Палаталары мен биліктің жергілікті органдарының сарапшылық топтары мен тиісті комиссияларына нұсқамалар мен ұсыныстар дайындау;  риэлторлық компанияларға көмек көрсетуі үшін үкіметтік құрылымдармен бірлесіп жұмыс істеу, Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеуге байланысты рейтингісін көтеру үшін  USAID  және Бүкіләлемдік Банктің «Doning Business» бағдарламасына қатысу.
4.1.3. Жылжымайтын мүлік нарығындағы мамандарды даярлау саласындағы негізгі бағыттарды айқындау, оқыту бағдарламаларын жасау, Қауымдастық мүшелерін және жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін тұлғаларды Қауымдастықта қабылданған стандарттардың негізінде оқытып-үйрету.Риэлторлар Мектебімен жұмыс.
4.1.4. Ақпараттармен алмасу жөнінде қызметтер көрсету, жылжымайтын мүлік нарығына әртүрлі қатысушылардың арасында байланыстарды орнату және ынтымақтастықты дамыту, Бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдасу.
4.1.5. Риэлторлардың аймақтық және кәсіби бірлестіктерінң құрылуына ықпал ету.
4.1.6. Жылжымайтын мүлік нарығында меншік иелерінің құқықтарын қорғауға қатысу, Қауымдастық мүшелері арасындағы, сондай-ақ Қауымдастық пен олардың қызметтерін тұтынушылар арасындағы дауларды қарастыру, Қауымдастық мүшелерінің үшінші тұлғалар алдындағы ұжымдық жауапкершілігі жүйесін жасау.
4.1.7. Қауымдастық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шетелдік әріптестермен Қауымдастық мүшелерінің іскерлік байланыстарын дамытуға ықпал ету.
4.1.8. Сауда-инвестициялық саясат, ипотека, жекешелендіру, жылжымайтын мүлікті бағалау, салық салу және сақтандыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жүйесін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, әзірлеу және ұсыныстарды Қауымдастық мүшелеріне ұсыну.
4.1.9. Аймақаралық және халықаралық деңгейде жылжымайтын мүлікпен операцияларды жандандыру мақсатында жылжымайтын мүлікті саудалауға, инвестициялық және құрылыстық қызметке қатысты коммерциялық ақпараттың бірыңғай ақпараттық желісін жасау. Мультилистингілік жүйелердің дамуына ықпал ету.
4.1.10. Жұртшылықтың Қауымдастық туралы оң пікірін қалыптастыру, мемлекеттік билік органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен сындарлы өзара ықпалдастықтарды жүзеге асыру, Қауымдастық мүшелерінің мүдделері үшін  «Property kz» журналы мен жылжымайтын мүлік жайындағы  «М 2» каталогы, ақпараттық-анықтамалық порталдары мен өзге БАҚ бойынша белсенді жарнамалық және редакциялық-баспагерлік қызметтерді жүргізу, Қауымдастықтын сайтын қолдау мен Қауымдастықтың жарнама-ақпараттық негізін жасау, Қауымдастық қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және мәнін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнату.
4.1.11.Қазақстандағы жылжымайтын мүліктің өркениетті нарығының қалыптасуы мен жетілуіне, және оның қатысушыларының кәсіби деңгейлерінің жоғарылауына ықпал ететін ақпараттық, консультативтік, білім беру және ағарту қызметтерін дамыту.
4.1.12. Қауымдастық мүшелерінің кәсіби қызмет стандарттарының жүйесін әзірлеу және енгізу.
4.1.13. Жылжымайтын мүлік бойынша мамандандырылған көрмелерді, симпозиумдарды, конференциялар мен конгресстерді, мәдени және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу.
4.1.14. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін, Қауымдастықтың алға қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған өзге  деқызметтерді жүзеге асыру.
 
5-бап ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢМҮЛКІ
 
5.1.Қауымдастық өзінің Қауымдастық мүшелері берген, сондай-ақ оның қызметінің нәтижесінде алынған мүліктерді қоса алғанда, өз мүлкіне меншік иесі болып табылады және өз қызметінің мақсаттары мен мүлкінің нысанасына сәйкес меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады.
5.2. Қауымдастық Қауымдастық мүшелерінің жарналары есебінен қалыптастырылатын меншікті айналымдағы  және негізгі құралдарға иелік етеді.
5.3. Қауымдастық жарғылық қызметін жүзеге асыру мен мақсаттық бағдарламаларын іске асыру үшін теңгелей және шетел валютасындағы банк несиелерiн пайдаланады. Қауымдастық қолда бар қаражаттарға өз бетінше билік жүргізеді.
5.4. Ақшалай және өзге нысандарда Қауымдастықтың мүлкін қалыпастырудың көздері болып табылатындар:
üҚауымдастық мүшелерінің мүшелік жарналары;
üтауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден, сондай-ақ, жарнамалық қызметтерден, көрмелер,конференциялар, симпозиумдар, конгрестер және семинарлар өткізуден түскен түсімдер; 
üҚР заңдарымен тиым салынбаған басқа да түсімдер.
5.5. Қауымдастық Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ шетелдер де жер телімдерін, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй қорларын, жабдықтарды, құрал-саймандарды және Қауымдастық қызметін материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүліктерді меншікке алуға және жалға алуға, сондай-ақ теңге және шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттарын, бағалы қағаздарды иеленуге құқылы.
5.6. Қаржынын пайда болу көзi жане басқа да мүлiктiң қалыптастырылуы Қауымдастықтын тағыда жаңа Қауымдастықтын мушелердiн бiрiншi мүшелік жарнасы, 30 000 (отыз мың) теңге көлемiнде белгіленді. Құрылтайдың шешiмi  негізінде төлемнiң мөлшерi мен төлеу күнi өзгеруi мумкiн.
5.7.Қауымдастық меншігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
 
6-бап МҮШЕЛІК, ҚАУЫМДАСТЫҚМҮШЕЛЕРІНІҢҚҰҚЫҚТАРЫМЕНМІНДЕТТЕРІ
 
6.1. Қауымдастық мүшелерінің бірлестігі Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелері орындалған кезде ерікті жағдайда ғана жүзеге асырылады.
6.2. Қауымдастыққа жылжымайтын мүлік нарығында кәсіпқой болып табылатын, Қауымдастық Жарғысы мен басқа да ішкі нормативтік құжаттарды мойындайтын қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ, заңгерлік білімі жоқ, бірақжылжымайтын мүлік нарығында әрекет етіп жүрген жеке кәсіпкерлер мен басқа да заңды тұлғалар мүше бола алады. Қауымдастық Құрылтайшылары Қауымдастықтың барлық мүшелерімен бірдей міндетті және тең құқыққа ие.
6.3. Қауымдастық мүшелерінің келісімі бойынша Қауымдастыққа жаңа мүше кіре алады. Қауымдастыққа жаңа мүшенің кіруі оның кіруіне дейін туындаған Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша қаражаттандыру міндеттемесімен шартталуы мүмкін.
6.4. Қауымдастық мүшелігіне қабылдау үшін заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының, сондай-ақ заңгерлік білімі жоқ жеке кәсіпкердің жазбаша өтініші және оның мүшелік жарнаны төлеуі негіз болып табылады.
Ағымдағы жыл үшін мүшелік жарнаны төлеу ағымдағы жылдың күтізбесінің соңына дейін жүргізіледі.
Қауымдастық мүшелігіне қабылдану үшін төленетін мүшелік жарналардың мөлшеріҚауымдастық құрылтайында белгіленеді.
6.5. Қауымдастықтың алдында жарналар бойынша қаржылық берешектері жоқ Қауымдастық мүшелері мыналарға:
üҚауымдастық қызметі туралы ақпараттар алуға;
üҚауымдастық басқару органдарының талқылауына ұсыныстар енгізуге және оларды талқылауға қатысуға;
üҚауымдастық (Жалпы жиналыстарына) құрылтайларына  өкіл болуға;
üҚауымдастық әзірлейтін және қаржыландыратын нақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуға;
üҚауымдастық атқарушы  орындарының және оның бөлімшелерінің қызметтерін, ал қажет жағдайларда жұмысқа тартылатын мамандардың қызметтерін пайдалануға;
üҚауымдастық деректерінің ақпараттық базаларына қол жеткізуге, ғылыми-әдістемелік материалдарды пайдалануға;
üҚауымдастықтың басқару органдарын сайлауға және сайлануға;
üҚауымдастық қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
üөзінің қалауына қарай ҚР заңнамаларына сәйкес Қауымдастық құрамынан шығуға құқылы.
6.6. Қауымдастық мүшелері:
üЖарғыны, Бірлескен  мәдениет Кодексі  мен Этикасын және Қауымдастықтың басқа да  ішкі нормативтік құжаттарының ұстанымдарын сақтауға;
üЖарғыға сәйкес мүшелік жарналарды дер кезінде
üтөлеуге;
üҚауымдастықтың Жалпы жиналыстарына (Құрылтайларына)
üқатысуға;
üҚұрылтайдың және Қауымдастықтың басқару органдарының
üшешімдерін орындауға;
üКәсіби қызметтің қабылданған стандарттарын
üорындауға;
üАтқарушы органды заңды мекен-жайының немесе өзінің нақты орналасқан
üжеріндегі мекен-жайының немесе байланыс телефондарының өзгерістері туралы жаңа тиісті мекен-жайларды немесе байланыс телефондарын көрсете отырып дер кезінде хабардар етуге;
üҚауымдастықтың  Атқарушы дирекциясына оның
üжарғылық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға құқылы;
6.7. Қауымдастық мүшелігінен шығару үшін мыналар
негіздеме болып табылады:
Қауымдастықтың Жарғысын және ішкі құжаттарын
өрескел бұзу немесе Қауымдастықтың басқару органдарының шешімдерін орындамау;
2 (екі) жыл бойы мүшелік жарналарды төлемеу;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де жағдайлар.
6.8. Қауымдастықтан шыққан және шығарылған кезде мүшелік жарналар қайтарылмайды.
6.9.  Қауымдастық мүшелері Қауымдастыққа өздері берген мүліктерге, соның ішінде мүшелік жарналарға құқылы болмайды.
6.10. Қауымдастық мүшелері өздерінің қалаулары бойынша, егер құрылтай құжаттарымен өзгеше көзделмесе, қаржылық жыл аяқталғаннан кейін қауымдастықтан шығуға құқылы. Бұл жағдайда Қауымдастық мүшесі өзінің Қауымдастықтан шығуына дейін туындаған оның міндеттемелері бойынша шыққан кезінен бастап екі жылдың ішінде өзінің жарнасына бара-бар қаражаттандыру жауапкершілігінде болады.
 
7-бап ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢҚҰРЫЛТАЙҚҰЖАТТАРЫ
 
7.1. Қауымдастықтың Құрылтай құжаттары жарғы және барлық құрылтайшы  немесе олар өкілеттік берген тұлғалар қол қойған Құрылтай келiсiм шарттары болып табылады;
7.2. Қауымдастықтың құрылтай құжаттарының талаптары Қауымдастықтың өзініңжәне  оның құрылтайшыларының, мүшелердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
 
8-бап ҚАУЫМДАСТЫқТЫҢҚҰҚЫҚТАРЫ МЕНМІНДЕТТЕРІ
 
8.1. Қауымдастық жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін өздерінің басқарушы органдары арқылы құқықтарды алады және міндеттерді өздеріне қабылдайды.
8.2. Қауымдастық Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарға:
8.2.1.белгіленген заң тәртібімен банктерде есеп ашуға,
8.2.2.  мемлекеттік, орыс және англыш тілідерінде ұйымның толық атауы жазылған бланк пен штамп, мөр,сондай-ақ, белгіленген тәртіппен тіркелген рәмізі (таңбасы) болуына
8.2.3.өз меншігі немесе жедел басқарудағы шартты мүлкі,сондай-ақ, жеке балансы мен сметасы болуына
8.2.4. мүліктік және жеке мүліктік емес құқық алуға оларды жүзеге асыруға
8.2.5.заңнамалық актілерде қарастырылмаған болса басқа заңды тұлғаларды жасауға
8.2.6.өкілдіктер мен филиалдар ашуға
8.2.7.қауымдастықтар мен одақтарға кіруге,сондай-ақ олардың қызметтеріне қатысуға
8.2.8.жарғы бойынша мүдделерге қарастырылған қаражатты пайдалануға
8.2.9.соттарда талапкер және жауапкер болуға
8.2.10. өзінің қызметі туралы ақпаратты таратуға;
8.2.11. соттарда және басқа мемлекеттік органдарда, өзге қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
8.2.12. бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
8.2.13. жиналыстар, митингтер, шерулер, қозғалыстаржәнетосқауылдарөткізуге;
8.2.14. баспагерлік қызметті жүзеге асыруға;
8.2.15. халықаралық коммерциялық емес және үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
8.2.16. Қазақстан Республикасында және шетелдік мемлекеттерде жалпы мойындалған принциптерде және халықаралық құқықтардың, халықаралық шарттардың және тиісті мемлекеттердің заңамаларының негіздерінде құрылымдық бөлімшелер құруға;
8.2.17. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін  басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
8.3. Қауымдастық мiндеттi:
8.3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ жарғымен көзделген нормаларды орындауға;
8.3.2. бюджетке белгіленген тәртіппен   салық және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге;
8.3.3. өз міндеттемелері бойынша өзіне тиеселі мүліктерге (мекемеден басқаны) жауапты болуға
8.3.4.Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік алуға.
8.3.5.өз мүшелерін олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге
8.3.6. өз мүшелерін ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуынан хабардар етуге
8.3.7.тіркеуші органды тұрақты әрекет ететін басқарушы органның орналасқан жерінің өзгергендігінен және бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізілетін мәліметтердің көлемі туралы басқарушыларды хабардар етуге .
 
9-бап ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢОРГАНДАРЫЖӘНЕҚЫЗМЕТІНБАСҚАРУТӘРТІБІ
 
9.1.  Қауымдастық басқару органдары болып табылатындар:
- Қауымдастықты басқарудың жоғары органы – Қауымдастық мүшелерінің  Құрылтайы(Жалпы жиналыс);
- Қауымдастықты басқарудың алқалық органы – Қауымдастық Кеңесі;
- Қауымдастықтың атқарушы органы  - Президент
- Қауымдастықтың бақылаушы органы – Тексеру комиссиясы (Тексеруші).
9.2. Қауымдастықты басқарудың жоғары органы - Қауымдастық мүшелерініңҚұрылтайы (мүшелердің Жалпы жиналысы):
9.2.1.Қауымдастықтың жоғары басқару органы Қауымдастық мүшелерінің  Құрылтайы(Жалпы жиналыс) (бұдан әрі Құрылтай) болып табылады. Құрылтай Қауымдастық Президентінің немесе жалпы дауыс санының 1/2 бөлігіне иелік ететін Қауымдастық  мүшелерінің ұйғарымымен жылына кем дегенде 1 (бір) рет шақырылады. Құрылтай өз жұмысының  регламентін қабылдайды.
9.2.2. Қауымдастықтың әрбір мүшесі Құрылтайдың өткізілетін уақыты мен өтетін орны туралы, сондай-ақ  ұсынылатын күн тәртібі туралы ол өткізілуге дейін 1 (бiр) ай мерзімнен кешіктірілмей жазбаша құлақтандырылады. Қауымдастық бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы да өз мүшелерін құлақтандыруға құқылы.
9.2.3. Құрылтайда Қауымдастық Президенті  немесе Төраға ретінде Құрылтай  сайлаған басқа тұлға төрағалық етеді.Құрылтайда сондай-ақ, отырыс Хатшысы  да сайланады.
9.2.4. Құрылтай отырыстарында хаттамалар жүргізіледі, оларға Құрылтайдың Президенті мен Хатшысы қолдарын қойып, ол өткізілгеннен кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей ресімделеді. Отырысқа қатысушы Құрылтай мүшелері хаттамаға, сонымен қатар ерекше пікір білдіру арқылы қолдарын қоюға құқылы.
9.2.5. Қауымдастықтың барлық Құрылтайлары жыл сайынғыларынан басқасы кезектен тыс өткізілген болып табылады.
9.2.6. Кезектен тыс өткен Құрылтай күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша ғана шешімдер қабылдай алады. Қауымдастық Төрағасының бастамасы бойынша неҚұрылтайдың кез келген мүшесінің бастамасы бойынша Құрылтай Қауымдастық қызметінің кез келген мәселесін күн тәртібіне енгізуге құқылы.
9.2.7. Құрылтай отырыстарына Қауымдастық мүшелерінің (олардың өкілдерінің) жалпы дауыс саны кем дегенде 75 пайызды құрайтын құрамда  (кворум) қатысатын болса онда ол  шешімдер қабылдауға құқылы .
9.2.8. Кворум болмаған жағдайда, Қауымдастық мүшелерінің Құрылтайды бірінші шақыру күнінен бастап 45 күннен кешіктірмей қайтадан шақырады. Қайтадан шақырылған Құрылтай Қауымдастықтың қатысушы мүшелердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің санына қарамастан, құқықты болып табылады.
9.2.9. Мүшелік жарналарын енгізбеген мүшелер не олардың уәкілетті өкілдері дауыс беруге жіберілмейді.
9.2.10. Бір ғана тұлға Қауымдастықтың бірден астам мүшесінің мүдделерін білдіре алмайды.
9.3. Құрылтайдың мүшелерінің Жалпы жиналыстын айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатқызылады:
9.3.1.Қауымдастықтың құрылтай құжаттарын бекітеді және өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
9.3.2.Қауымдастықты тарату және ерікті қайта құру
9.3.3.Қауымдастықтың құзіретін,ұйымдық құрылымдарын айқындау, басқару органдарын қалыптастыру мен өкілеттігін тоқтату
9.3.4.атқару органдарының қаржылық есептілігін мерзімінде жүргізу және оның тәртібін айқындау, сондай-ақ,бақылаушы органның тексеру жургізу ережесі мен олардың  нәтижелерін бекіту
9.3.5.бекітілген заңнамалық актілер шегінде Қауымдастықтың  немесе басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен сондай-ақ, өз  филиалдары мен өкілдіктерін  құру туралы  шешімдер қабылдау 
9.3.6. Қауымдастық Кеңесін 2 (екі) жыл мерзімге сайлайды;
- Президентті 2 (екі) жыл мерзімге сайлайды;
- Тексеру комиссиясын 1 (бір) жыл мерзімге сайлайды;
9.3.7. Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды;
9.3.8. Қауымдастық Президентінің, Қазақстан Риэлторлар Мектебінің (ҚРМ), Тексеру комиссиясының және басқа бөлімшелерінің қызметі туралы есептерді тыңдайды және бекітеді;
9.3.9. Қауымдастық мүшелерін оның құрамнан шығару және  Қауымдастықтың атауы мен орналасқан жерін өзгерту туралы шешімдер қабылдайды;
9.3.10.Мүшелік жарналардың мөлшерін белгілейді;
9.3.11.Қауымдастықты таратқаннан кейін оның мүліктерін бөлудің тәртібін айқындайды
9.3.12. Барлық тармақтар бойынша шешімдер Қауымдастық мүшелерінің дауыстарының жай көпшілік санымен, яғни Қауымдастық Құрылтайдың кворумы болған кездегіге қарағанда бір дауыс артықшылықпен шешімдер қабылданады, дауыстар саны тең болған жағдайда, Қауымдастық Президентінің дауысы шешуші болып табылады.
9.3.13.  Құрылтай шешімдері Қауымдастықтың барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады.
9.4.Құрылтайлар аралығындағы кезеңде Қауымдастықты басқарудың алқалық органы-Қауымдастық Кеңесі болып табылады.:
9.4.1. Құрылтайлар аралығындағы кезеңде басқарудың әрекет ететін алқалық органы Қауымдастық Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) болып табылады. Кеңес құрамына  8 адам кіредi: Қауымдастықтың Президентi (Қауымдастық Кеңесінің Төрағасы),сондай-ақ,Қауымдастық мүшелерінен жалпы жиналыс (Құрылтай) сайлаған 7 (жеті) адам.  Қауымдастық Кеңесін шешуші дауыс құқығымен Президент басқарады.
9.4.2. Қауымдастық Кеңесінің Төрағасы (Президент) болмаған жағдайда, оныңміндеттерін Президент-элект жүзеге асырады.
9.4.3. Кеңестің мүшелерін Құрылтай 2 (екi) жыл мерзімге сайлайды.
9.4.4. Қауымдастық Кеңесінің отырысын Кеңестің Төрағасы өзінің бастамасы бойынша не Қауымдастықтың кез келген мүшесінің талабы бойынша шақырады.
 9.4.5. Кеңес  отырысы Кеңес сайлаған мүшелердің жартысынан астамы қатысатын болса, шешімдер қабылдауға құқылы болады.
 9.4.6. Кеңес отырысында шешімдер Кеңестің қатысып отырған мүшелерінің дауыстарының жай көпшілігімен, яғни қалғандарына қарағанда бір дауыс артықшылықпен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Президенттің дауысы шешуші болып табылады.
9.4.7  Кворум болмаған жағдайда, Қауымдастық Кеңесі бірінші жиналыс күнінен бастап 15 (он бес) күн мерзімнен кешіктірілмей қайтадан шақырылады. Қайталап шақырылған Кеңес, Қауымдастық Кеңестің қатысып отырған мүшелерінің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің санына қарамастан, заңды болып табылады.
9.4.8. Қауымдастық Кеңесінің құзыреті:
üҚауымдастық  Құрылтайының шешімдерін іске асырады;
üмемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың алдында Қауымдастық мүшелерінің қызметін қозғайтын мәселелер бойынша Қауымдастық ұстанымын айқындайды;
üҚауымдастықтың жаңа мүшелерін қабылдау туралы шешімдер қабылдайды;
üҚауымдастық  Құрылтайының құзыретіне тікелей кірмейтін  басқа да мәселелер.
9.4.9. Қауымдастық Кеңесі, Қауымдастық Құрылтайының талқылауына шығарылатын мәселелерді алдын ала қарастырады.
 9.5. Қауымдастықтың атқарушы органы- Қауымдастық Президенті
9.5.1. Қауымдастық Президенті – Қауымдастықтың алқасын және Қауымдастықтың атқарушы органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Қауымдастық Президенті Жарғының негізінде әрекет етеді.
9.5.2. Қауымдастық Президенті  Құрылтайда екі жыл мерзімге Қауымдастық мүшелерінің  басқарушы өкілдерінің арасынан сайланады.Мерзiмi өткеннен кейiн оны  Құрылтайдың  бұйрыгымен Призидент-элект алмастырады. Президент-элект қазіргі әрекеттегі Кауымдастык Президентiнiн занды мұрагері.
9.5.3. Қауымдастық Президенті:
üҚауымдастық атынан үшінші тұлғалармен қатынастарда сенімхатсыз әрекеттер жасайды;
üҚауымдастықтың мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттар береді;
üштаттық кестені бекітеді, еңбекақы төлеу жүйесін белгілейді, лауазымдық қызметақылар мен дербес үстеме ақылардың мөлшерлерін белгілейді, сыйақы беру мәселелерін шешеді, ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік өтемдер салады;
üақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілейді;
üҚауымдастық қызметінің тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарды бекітеді;
üҚауымдастықтың;
üҚауымдастық Кеңесінің кейінгі бекітуімен Қауымдастықтың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдер қабылдайды.
üҚауымдастық қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару;
üҚауымдастықтың банктердегі шоттарын ашу және қаржы операцияларын жүргізу, әкімшілік қызмет басшылары  берген өкілеттігінің шегінде қаражат жұмсау ;
üөзіне берілген өкілеттік шегінде ақша қаражаттарын жұмсау;
üөз атынан және Қауымдастықтың тапсырмасы бойынша әр түрде  келісім-шарттар жасауға;
üбекітілген талаптарға сәйкес мемлекеттік органдарға статистикалық, бухгалтерлік және салықтық есептер беруді қамтамасыз ету;
üҚауымдастық шығыстарының сметасын әзірлеу.
9.5.4.Бір ғана тұлға екі қатар мерзімнен астам уақытқа Қауымдастықтың Президенті болып сайлана алмайды.
9.5.5.Президент-элект лауазымы  қазіргі әрекет етуші Президенттің  өкілеттігі  берілетін болашақ Президентті өз міндеттерін орындауға әзірлеуге және Қауымдастық саясаты мен дамуындағы басшылық билігінің ауыспалылық тетігін қалыптастыруға арналған.
 9.5.6.Президент-элект әрекет етуші Президенттiн ресми орынбасары.
9.5.7.Президент-элект жыл сайынғы  Құрылтайда   Қауымдастық Президентінің лауазымы Президент-электке ауысатын кезеңде  әрекет етуші Президенттің орнына  сайланады.
 
10-бап ЕСЕП, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК
 
10.1. Қауымдастық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп пен есептілікті жүргізеді.
10.2. Бірінші есептік жыл Қауымдастық тіркелген күннен басталады.
10.3.Жылдық балансты Қауымдастықтың Атқарушы әкімшілігі тарапынан жасаладыжәне оны Қауымдастықтың Кеңесі бекітуге тиіс.
10.4.Қауымдастықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін Қауымдастықтың Құрылтайы құрамында Төраға және 2 (екі) мүшесі барҚауымдастықтың   Құрылтай арасындағы кезеңдегі Тексеру комиссиясын сайлайды.
10.5.Қауымдастықтың барлық лауазымды тұлғалары тексеру комиссиясының қарамағына тексеру үшін барлық қажетті материалдарды ұсынады. Қаржы-шаруашылық қызметке тексеру Қауымдастық Құрылтайының тапсырмасы бойынша немесе Тексеру комиссиясының өз бастамасы бойынша және Қауымдастық мүшелерінің талабы бойынша  сирек емес бір жылда 1 (бір) рет жүргізіледі.
10.6. Тексерудің нәтижелері мен Тексеру комиссиясының ұсыныстары Қауымдастықтың Кеңесінде қарастырылады және Қауымдастықтың Құрылтайында бекітіледі.
10.7.Тексеру комиссиясының мүшелері, егер Қауымдастықтың мүдделеріне елеулі қауіп төнсе немесе Қауымдастықтың жоғары лауазымды тұлғаларының қасақана әрекеттері анықталса, Қауымдастық кезектен тыс Құрылтайын шақыруды талап етуге міндетті.
10.8. Қауымдастықтың әкімшілігі тексеруді жүргізу және жылдық қаржы есептілігін растау үшін арнайыландырылған ұйымдарды (сыртқы аудит) тартуы мүмкін.
10.9.Қауымдастықтың атқарушы әкімшілігі мемлекеттік әлеуметтік, экономикалық және салықтық саясаттарды іске асыру мақсатында құжаттардың (басқарушылық, қаржы-шаруашылық, жеке құрам бойынша және басқа) сақталуы үшін жауап береді.
 
11-бап ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
 
11.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар мыналардың:
- Қауымдастық мүшелерінің 1/3 (үштен бірінің);
- Қауымдастық Кеңесінің бастамасы бойынша енгізіледі.
11.2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құзыретті орган Қауымдастық мүшелерінің Құрылтайы   (Жалпы жиналыс) болып табылады.
 
12-бап ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ
 
12.1. Еңбекке ақы төлеудің шарттары, еңбек пен демалыс тәртібі, Қауымдастық  әкімшілігі қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру қызметкерлерді жалдау шартымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
 
13-бап  ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ
 
13.1. Қауымдастықтың қызметі прокуратура органдарының ұсыныстары негізінденемесе Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы бұзылған жағдайда немесе Қауымдастық Жарғысымен белгіленген мақсаттар мен міндеттер шектерінен шығатын әрекеттерді бірнеше мәрте жасаған  болса   сот шешімі бойынша 3 (үш) айдан 6 (алты) айға дейінгі мерзімге тоқтатылуы мүмкін.
13.2. Қауымдастықтың қызметі тоқтатылған жағдайда, оған Қауымдастықтың  құрылтай құжаттарында қарастырылған қызметтермен айналысуға тиым салынады. Сондай-ақ,  еңбек шарттары бойынша  оның қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеуді және айыппұл төлеуді қоспағанда, оның банк салымдарын пайдалану құқығы тоқтатылады.
13.3. Егер қызметті тоқтатудың белгіленген мерзімінің ішінде Қауымдастық өз қызметін тоқтату үшін негіздеме болған құқық бұзушылықтарды жоятын болса, онда белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін Қауымдастық өзінің қызметін қайтадан бастайды. Қауымдастық тәртіп бұзушылықтарын түзетпеген жағдайда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын қайтадан бұзған жағдайда, прокуратура органдары оны тарату туралы  сотқа жүгінуге құқылы.
13.4. Қауымдастықтың қызметін тоқтату Қауымдастық Құрылтайы мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімдері бойынша қайта ұйымдастыру немесе тарату түрінде жүзеге асырылады, бұл ретте кворум Қауымдастық мүшелерінің 2/3 кем болмауға тиіс немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
13.5. Қауымдастықты таратуды Құрылтай тағайындаған Тарату комиссиясы жүргізеді, ал Қауымдастықтың қызметі сот шешімі бойынша тоқтатылған жағдайда – осы орган тағайындаған Тарату комиссиясы жүргізеді.
13.6. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған Қауымдастық істерін жүргізу жөніндегі өкілеттіктер өтеді. Тарату комиссиясы Қауымдастықтың қолда бар мүлкін бағалайды, оның дебиторлары мен кредиторларын айқындайды және олармен есеп айырысады, Қауымдастықтың үшінші тұлғаларға қарыздарын төлеу жөніндегі шараларды қабылдайды, тарату балансын жасайды және оны Құрылтайдың қарауына ұсынады.
13.7.Қауымдастық таратылғаннан кейін қалған  мүлік ұйымның жарғысына сәйкес жарғылық мақсаттарға  жұмсалады.
13.8. Қауымдастық қайта ұйымдастырылған кезде оның барлық құжаттары (басқарушылық, қаржылық-шаруашылық, жеке құрам бойынша және басқа) белгіленген ережелерге сәйкес құқықтық мұрагерге беріледі.
13. 9. Бұл туралы жазбалар заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап Қауымдастықты тарату аяқталған, ал Қауымдастық өзінің қызметін тоқтатқан болып саналады.
 
14-бап АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТӘРТІБІ
 
14.1. Қауымдастық Қауымдастықтың мүшелерін мүшелерінің мүдделерін қозғайтын өзінің қызметі туралы хабарландыруға міндетті. Мүшелердің мүдделерін қозғайтын ақпараттардың тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделеді. Хабарландыру әрбір мүшеге хабарламаны жазбаша жіберу және (немесе) ақпаратты мерзімдік баспасөзде заңнамада көзделген міндеттемелердің кез келгені туындаған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жариялану арқылы жүзеге асырылады.
 
15-бап ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
15.1. Осы Жарғы ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен  тіркелген кезден бастап күшіне енеді.
15.2.Осы Жарғы Қауымдастық қызметінің бүкіл кезеңіне қолданылады. 
 

 

Телефон для записи

+7 707 265 47 04

Отправить Закрыть